Түркістан облысында жоғалған оқушының денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғалған 10 сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған.

Оның туыстары құзыретті органдарға баланың жоғалып кеткені туралы арыз түсірген.

Өкінішке қарай кәмелетке толмаған баланың өлі денесі табылды.

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

«Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталды. Өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.