Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Ол алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Istockphoto

Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

8 сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын

Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры «оқушының жүрек талмасы ұстап қалды» деп жалған мәлімет берген.

14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, аталған оқиға 30 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.