ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді

Ви

Полиция қызметкерлері «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында балық ресурстарын заңсыз өндіріп жүрген Ұлан ауданының тұрғындарын анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО ПД сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеру кезінде жүк салғыштан 20 келіден астам ақжелкен, сондай-ақ екі келі көксерке балығын тауып, тәркілеген.

Айтуларынша, олар достарымен балық аулауға бел буған, алайда оны балық аулауға арналмаған жерде, сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде жасаған.

"Шығыс қазақстандықтар балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді", - делінген хабарламада.