21.05.2024, 23:06
Қоғам
«Күдікті қамауға алынды»: Алматыда ұрланған көліктер иелеріне қайтарылды
Күдіктінің аталған фактіге ұқсас өзге эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде
Фото: Алматы қ. Полиция департаментінің ресми парақшасынан
Алматыда көлік ұрлығымен және пәтер тонаумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Криминалдық полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам үш көлікті ұралып, екі пәтерді тонаған.
«Үш шетелдік автокөлік табылып, өз иелеріне қайтарылды. Күдіктінің екі пәтер тонауға қатысы бар екендігі белгілі болды: ұрлық жасамас бұрын ол бөтен адамдардың үйіне кіріп, көліктің кілтін ұрлап, көлікті айдап кетіп қалған. Қаскөй қазір қамауда. Оның басқа да ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты