$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2024, 20:05
Қоғам

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі 6 жылға сотталды

Салымшылар қаржы пирамидасына жалпы сомасы 291 миллион теңгеден астам қаражат құйған

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі 6 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды, осылайша «Н» іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражаты қаржы пирамидасына тартылды, олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.

«Сот үкімімен «Н» азаматшасы кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары