5-8, 10-сынып оқушылары алғаш рет қазақ тілінен емтихан тапсырады

Автор: Аубакирова Нургуль

Емтихан тек қазақ тілінде ғана емес, басқа тілде де оқытатын мектептерде өтеді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Осы жылы алғаш рет 5-8, 10-сынып оқушыларының қазақ тілінен білімі тексеріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

«Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі», - деді министр.

Ал 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығына жоспарланған.

Қорытынды аттестаттауды 9 сыныптың 341 мың оқушысы тапсырады. 11 сыныпты 186 мың оқушы аяқтайды.

Аттестаттар 12-15 маусым аралығында табысталады.