Көкшетауда 9 жасар қыз ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспаған – прокуратура

Автор: Azattyq Rýhy

Қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді

Фото: Бас прокуратура

Көкшетау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Осы тексеру қорытындысы бойынша қорғаншылықтағы 9 жасар қыздың ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағаны және қажетті медициналық көмек алмағаны анықталды.

«Қазіргі уақытта қыз бала көптеген аурулармен «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға орналастырылды, қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді. Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдауда», - делінген хабарламада.