Қазіргі уақытта эвакуациялау пункттерінде 5 454 адам бар
Су тасқынынан эвакуацияланған 61 352 адам өз үйлеріне оралды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта эвакуациялау пункттерінде 5 454 адам бар.
11 319 тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
23,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.