Жолаушылар Boeing-737 ұшағымен тасымалданады
Биыл 22 мамырда Астана әуежайынан Прагаға алғашқы рейс ұшады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.
Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Жолаушылар Boeing-737 әуе кемесімен ұша алады.
«Рейс Астанадан 8:30-да ұшып шығып, Прагаға жергілікті уақытпен 10:25-те барады. Ал Прагадан Астанаға 11:15-те ұшып, межелі жерге кешкі 20:10-де қонады. Бұл көптен күткен бағыт Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемдегі ең жас астаналардың бірі - Астана қаласын көруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.
Рейстерді «Scat» әуе компаниясы орындайды.