Әнші шет елде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған
«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған әнші Айгүл Иманбаева өнер саласына жаңалық енгізетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Менің Лондонға оқуға кеткеніме де көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынаамын. Себебі, өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, осы білімнің арқасында отандық өнерге ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым, сіздерден сүйінші сұрап, алған дипломымды көрсеткім келді», - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.