Бүгін Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы аяқталады

Елордада жылыту маусымы 205 күнге созылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы аяқталады
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл бүгін бас қалада жылыту маусымы аяқталатынын айтты. Бұл туралы elorda.info хабарлады. 

«Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, ауаның орташа температурасы бес тәулік бойы 10°C және одан жоғары болса, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады. Еліміздің бас қаласында жылыту маусымы 2019 жылдың 30 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін созылды, ол 205 күнді құрады, яғни жылыту маусымын аяқтау 21 сәуірге жоспарланған», - деп хабарлады Ернат Бәзіл.

Оның айтуынша, есепті кезеңде энергия көздерінде, жылу және электр желілерінде авариялық ажыратулар мен бірінші дәрежелі істен шығулар тіркелген жоқ. Ал қаланың энергия көздеріне 2 767 мың тонна көмір (37 437 вагон), 5 226 мың тонна мазут (87 цистерна) жұмсалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.