Жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі тағайындалды

Темірхан Айжан

Жаңа әкім «Болашақ» бағдарламасының түлегі 

Жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі тағайындалды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әркен Өтенов Алатау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Әркен Хамитұлы 1983 жылы туған. 2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Карнеги Меллон университетін бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі.

Әр жылдары елдің банк саласында қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс істеген.

2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетсек, қаңтар айында мемлекет басшысының жарлығымен Алматы облысындағы Жетіген ауылына қала статусы беріліп, Алатау деп аталды. Алматы мен Қонаевтың ортасында орналасқан жаңа қалада 15 мың адам тұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.