Облыста КВИ жұқтырғандар саны 99-ға жетті
21 сәуірде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді. Вирус жұқтырғандар — 1963, 1946 және 1977 жылы туған әйел адамдар, 2006 жылы туылған қыз бала, 1938 жылғы ер адам, 2010 жылы туылған ұл бала.
«Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болған. Бұған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған. Барлығы Теміртау қаласының тұрғындары», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда облыста инфекцияны 99 адам жұқтырған, оның біреуі қайтыс болды, 13 науқас жазылып шықты.