Тоқаев бірқатар тұлғаның шенін көтерді

Автор: Темірхан Айжан

Оның ішінде ҚР Бас прокуроры Берік Асылов, Қостанай облысының прокуроры Берік Әбілов бар

Фото: Ақорда

Президент Тоқаев бүгін бірқатар тұлғаны жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендермен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның ішінде 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа,  Қорғаныс министріның орынбасары Қаныш Әбубәкіровке генерал-лейтенант әскери атағы, Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Дәурен Қосановқа авиация генерал-лейтенанты әскери атағы берліді.

«2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына;

генерал-майор әскери атағы:

Дәуітов Қайрат Сапарбекұлына,

Есжанов Аян Әбдіғаниұлына,

Жүнісов Төлеужан Сабырұлына,

Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлына,

Қазкеев Бекайдар Маратұлына,

Поливанов Павел Константиновичке,

Ыбыраев Ержан Уақасұлына;

авиация генерал-майоры әскери атағы:

Нілдібаев Ержан Болатұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

Бекжанов Нұржан Наурызұлына,

Жұмабаев Марат Қабиденұлына,

Наймантаев Алмас Тілепбергенұлына;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің

генерал-майоры арнаулы атағы:

Ахметжанов Саян Қылышұлына,

Жебегенов Мақсат Мырзаханұлына,

Сарқұлов Ұлан Серікұлына;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлына,

Әлиев Данияр Дұппайұлына,

Исмагулов Нұржан Нығметұлына;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы:

Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлына,

Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлына,

Рысбаев Айдос Какашаұлына;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Әбілов Берік Рақатұлына,

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлына,

Өтегенов Ерлан Рахымжанұлына берілсін», - делінген мемлекет басшысының жарлығында.