Қосшыда өндірілген өнім Өзбекстан мен Ресейге экспортталады

Автор: Azattyq Rýhy

Дайын өнім негізінен Қазақстанның ірі қалаларында сатылуда

Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшы қаласында құс етінен жартылай фабрикаттар өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Қосшы қаласындағы «IL TOV» ЖШС-де болды. 

Құны 3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба Қазақстан мен Орталық Азияда құс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Зауыт жартылай фабрикаттардың алғашқы партиясын бірнеше ай бұрын шығара бастаған. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 3000 тоннаданастам дайын өнімді өндіруге жетеді.

Өндірістік кешен Германия мен Испанияда шығарылған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеп тұр. Алғашқы өндірістік желіге 90-ға дейін адам тұрақты жұмысқа қабылданды.

Зауытқа қажетті шикізат Ақмола облысының Макинск құс фабрикасынан жеткізіледі. Ал дәмдеуіштер мен қаптамалар елімізде жасалады. 

«Біздің зауыт мемлекеттің қолдауымен іске асырылып жатқан инвестициялық жоба. Бұл өзкезегінде жергілікті өнімді өндіруге, өнімдегі қазақстандық үлесті арттыруға және осы сегменттегі импортты алмастыруға мүмкіндік береді. Яғни, біздің компания Мемлекет басшысының импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындап жатыр деп айта аламыз», - дейді зауыт директоры Сания Омарова.

Дайын өнім негізінен Қазақстанның ірі қалаларында сатылуда. Болашақта Ақмоланың жартылай фабрикаттары көршілес елдер – Өзбекстан мен Ресейге экспортталатын болады.

Өңір басшысы кәсіпорынның жұмысына оң бағаберді.

«Бұл Қосшы қаласында шығарылған алғашқыөнім. Жаңа піскен және сапалы жартылай фабрикаттар жақын болашақта Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс», - деп атап өтті М. Ахметжанов.

Алдағы уақытта «IL TOV» компаниясы тағы екіжеліні орнатып, 10-12 мың тонна өндірістік қуаттылыққа жетуді жоспарлауда. Қосымша инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл тағы да жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деген сөз.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновте  аталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан болатын.