Шымкентте 5 бірдей спорт мектебінің қызметкерлеріне негізсіз үстемақы төленіп келген

Azattyq Rýhy

Сала мамандарына қатысты тәртіптік жаза қолдануға нұсқау берілді

Шымкентте 5 бірдей спорт мектебінің қызметкерлеріне негізсіз үстемақы төленіп келген
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 5 бірдей спорт мектебінің қызметкерлеріне негізсіз үстемақы төленіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.KZ арнасына сілтеме жасап.

2018 жылдан бері мекеме директорларының жүргізушілеріне, мұрағатшылар мен комендант, аудармашылардың есепшотына жалпы сомасы 15 миллион теңге аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қалалық спорт басқармасына талдау жасады. Тексеру тобына еріктілер де қатысты. Нәтижесінде бюджеттен бөлінген қаражат артығымен аударылғаны әшкере болды.

Сонымен қатар қосымша ақы есептеудің тағы бірнеше жолдары анықталды. Қазір талан-таражға түскен қаражатты мемлекет пайдасына қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандарына қатысты тәртіптік жаза қолдануға нұсқау берілді.

 «2018 жылдан бастап 2023 жылдың аралығында негізсіз төленген. Бұл бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын ала зерделеу жүргізген. Сол соманың 13,3 миллион теңгесі бюджетке қайтарылған. Қаражаттар қайтарылғаннан кейін біздің департаментпен жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолданды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.