Тіпті жыртқыштар да өз жақынын бұлай өлтірмейді – Жанна Оразбахова

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Адвокаттың айтуынша, Нүкенованың аяусыз өлімінде Бақытжан Байжановтың да кінәсі көп

видеодан скриншот

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың аясуз өлімін көрсе де әрекет етпеген. Осылай деген адвокат Жанна Оразбахова Бишімбаевтың әрекетін жыртқыштардың әрекетімен салыстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жыртқыш екеш жыртқыш та өз жақынын бұндай қатыгездікпен өлтірмейді. Бишімбаевтың өз әйеліне жасағаны адамдыққа жатпайды», - деді Жанна Оразбахова.

Оның айтуынша, Бақытжан Байжанов та бұл қылмыста жанашырлық танытпаған.

«Бақытжан Байжанов өте нәзік Салтанаттың сондай қорқынышты күйде жатқанын көрген жалғыз адам. Сондықтан, оның да бұл қылмысқа қатты қатысы бар», - деді Оразбахова.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, прокурор Айжан Аймағанова  сотталушылар Нүкенованың өлгенін біле тұра, оның телефонын «Фитнес-паласқа», одан ары үйге тасыған. Солай Нүкенованың ары-бері жүргенін көрсеткісі келген. Сонымен қатар, Байжанов мүсәтір спиртін Нүкенованың есін жидыру үшін әкелген жоқ, айғақтар жою үшін, VIP бөлмеде әр жерге жағылған қанды, саусақ іздерін сүрту үшін әкелген.