20.04.2020, 16:31
Қоғам
СҚО аумағында 21 сәуірден бастап карантин режимі күшейтіледі
Әуежай, теміржол вокзалы, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады
фото авторы: Талғат Тәнібаев
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 21 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі күшейтіледі. СҚО-ның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі.
21.04.2020 ж. сағат 00:00-ден бастап төмендегілерді қоспағанда, аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарының аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады:
- халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- медициналық себептермен кететін және кіретін адамдар;
- карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдардың кетуі;
- транзиттік жүк көліктері;
- халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктері;
- көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, соның ішінде ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде жүруге болады.
Әуежай, теміржол вокзалы, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды