Су тасқыны: 6500-ден астам адам эвакуациялау пунктерінде қалып отыр

Автор: Аманалина Тоғжан

40 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

Фото: Орал қаласының әкімдігі

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 6 546 адам эвакуациялау пунктерінде қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен су басқан 356 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізіліп отыр.

«Республика бойынша су тасқыны бастағалы бері 13,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 932 адам өз үйлеріне оралды. 6 546 адам эвакуациялау пунктерінде», - деп жазылған хабарламада.

Эвакуациалық пунктерде Төтенше жағдайлар департаменттерінің, ТЖМ Апатар медицинасы орталығының психологтары мен медициналық қызметкерлері азаматтармен жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болғанын жазған болатынбыз.