Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 10 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 1757-ге жетті

Фото: ашық дереккөзден

20 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 9, Қостанай облысында 1 адам бар.

Қазіргі уақытта елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 1757-ге жетті.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 383
  • Алматы қаласы – 535
  • Шымкент қаласы – 80
  • Ақмола облысы – 82
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Алматы облысы – 44
  • Атырау облысы – 80
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 61
  • Батыс Қазақстан облысы – 63
  • Қарағанды облысы – 93
  • Қостанай облысы – 20
  • Қызылорда облысы – 149
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 30
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Түркістан облысы – 60

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 413-ке жетті, ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны – 19.