Жамбыл облысының екі тұрғыны 105 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.
Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Осы жылдың наурыз айында аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.