«Ән емес, альбом күтіңіздер!»: Ерке Есмахан сахнаға оралатынын айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Әнші жақын арада жұмысқа кірісетінін мәлімдеді

Фото: Instagram/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.      

«Әнші екенімді ұмытпай тұрғанымда жұмысқа кірісейін. Менен ән емес, альбом күтіңіздер!», - деп жазды Ерке Есмахан.     

Сонымен бірге әнші оқырмандарынан «қандай тақырыпта хит жазғанымды қалайсыздар?», деп сұрады.

Айта кетейік, өткен жылдың 23 қарашасында сәбилі болған еді. Содан бері әнші уақытының көп бөлігін отбасына арнап жүр.