Мамандардың болжамынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін
Бүгін Жайықтағы су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Оған БҚО аумағынан судың келуі әсер еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі өзгерді.
Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.