Су тасқыны кезеңінен бастап құтқарушылар 2000-ға жуық жеке тұрғын үйден су сору жұмыстарын жүргізді
Жамбылдық құтқарушылар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 сәуірдегі мәлімеитінше, соңғы 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.
«Су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйден су сору жұмыстарын жүргізді»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды.