Павлодарда скутерді мас күйінде жүргізген тұрғын қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот заң бұзушыны 20 тәулікке қамау туралы шешім шығарды

Фото: Павлодар облыстық ПД

Шарбақты ауылында 1 мамыр көшесінде полицейлер күдік туғызған RACER маркалы скутерді тоқтатқан. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, оның ішімдік ішіп алғаны анықталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәландыру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Белгілі болғандай, ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ.

«Мас күйінде мотоциклді жүргізгені үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, - деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Сатыбаев.