Бишімбаев ісі: тараптар 29 сәуірге дейін пікірталасқа дайындалады

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бүгін сот аясындағы тергеулер аяқталды 

видеодан скриншот

Бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінда Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы абайсызда өлтіріп алғанын мойындап, өзіне тағылған “аса қатігездікпен адам өлтіру” және “азаптау” баптарын мойындаудан бас тартты. 

Судья Айжан Құлбаева тараптардың пікірталас уақытын 29 сәуірге белгіледі.