$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2024, 17:07
Қоғам

Алматы облысында 2 млн теңге пара алған судья 4 жылға сотталды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады

Алматы облысында 2 млн теңге пара алған судья 4 жылға сотталды
видеодан скриншот

Алматы облысында жемқорлық жасаған Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбеков сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзіне сүйенсек, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Судья бұл қызметі үшін 2 млн теңге пара алғаны хабарланып отыр.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деп хабарлайды Антикор.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

Серіктес жаңалықтары