Қоғам белсендісі Арман Шораев қамауға алынды
Ол Қарағанды қаласындағы уақытша ұстау изоляторында
Арман Шораев уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Ол Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 4-бөлігі - төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталады. А.Т. Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет біле тұра жалған ақпарат таратты»,- делінген хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметінше, Шораев қоғамдық тәртіп бұзып, төтенше жағдай кезінде заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне айтарлықтай қауіп туғызған.
«А.Шораев Қарағанды қаласының аумағында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Қарағанды қаласының УКЖ-ға орналастырылды. Тергеу жалғасуда»,- деп хабаралды баспасөз қызметі.
Арман Шораев соңғы рет Facebook - те 5 сағат бұрын жазба қалдырған. Айта кетейік, Шораев «Қазақстан барысы» жобасының негізін қалаушы. ҚР қазақ күресі федерациясының президенті. Президент жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі. Ол ұйым құрамынан 3 наурызда шығарылды.