Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады
Батыстағы Жайық өзенінен қаупті инфекцияларды анықтау үшін 30 сынама алынған. Бұл туралы Атырау қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Қаламқас Аманжолов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сәуір айынан бастап алынған сынамалар қазір зерттеліп жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты – су тасқынынан кейін пайда болатын инфекциялық ауруларды анықтау.
«Тасқын жағдайына байланысты Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынады. Бұған дейінгі сынамалардан қауіп табылған жоқ. Сәуір айының басынан бері Жайық өзенінен 30 сынама алынған», - дейді Қаламқас Аманжолов.
Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны болған аймақтарда дезинфекция жүргізу керек екенін айтқан болатын.