22.04.2024, 20:19
Қоғам
Түркістан облысында әйел адам танысының автокөлігіндегі ақшасын ұрлап кеткен
Күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті
Түлкібастық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, күдікті әйел арызданушының танысы болып шықты. Ол қонақта отырып, аулада тұрған «Volkswagen golf» маркалы автокөлікті байқайды. Содан ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып, автокөліктің ішінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап алған.
Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды