$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті

«Өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» дейді прокурор

Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті
видеодан скриншот

Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратын Айжан Аймағанова Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.

Ол жеке парақшасына жазылған әрбір оқырманына алғыс айтқан. Сонымен қатар «өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» деген ойын да жазған. 

Серіктес жаңалықтары