Бес адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырауда төрт ер адам мен бір әйел адам бөгеттегі қаптарды ұрлап жүрген жерлерінде қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысындағы жедел штабтың мәліметінше, 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында 42, 32, 37, 38 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толы қаптарды ұрлап жүрген жерінен ұсталған.
Анықталғанындай, олар Жайық жағасынан ұрлап алған қаптарды өз үйлерінің айналасына апармақ болған. Оларға қатысты "ұсақ-түйекті жымқыру" дерегімен қылмыстық іс қозғалды.