Шенеуніктер мұны «балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» заңның талабы дейді
Қырғызстанда TikTok әлемуеттік желісіндегі аккаунт иелері өз парақшаларына кіре алмай жатыр. Бұл туралы 24KG мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті халық қазір ел бойынша әлеуметтік желімен пайдалану мүмкін болмай отырғанын айтады. Бұған дейін қырғыздың Цифрлық даму министрлігі елдің интернет-провайдерлеріне TikTok әлеуметтік желісіне кіруді шектеуді сұрап, хат жолдаған.
Шенеуніктер мұны «балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» заңмен түсіндіргісі келеді.
Бұл шешім қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бір тарап желінің бұғатталғанын дұрыс десе, кейбірі әлеуметтік желіге тыйым салу салу – шағын және орта бизнестің тұралауына әсер етеді, сөз бостандығы мен демократияға зиян келтіреді деген пікірде.
Еске салсақ, Қырғызстан Мәдениет министрлігі TikTok-ты бұғаттау туралы өтінішті былтыр тамыз айының соңында жергілікті министрліктерге жолдаған.