Қыздар арасындағы халықаралық математика додасында Қазақстан төрт медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

EGMO-2024 халықаралық математика олимпиадасы Грузия өтті

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Цхалтубо қаласында EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 4 медаль жеңіп алған:

Күміс медаль - Анастасия Одинцова - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы

Күміс медаль - Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы

Қола медаль - Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы

Қола медаль - Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.
 

Айта кетейік, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде өткен. Ал Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді.