Ақтөбе облысында эвакуация аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адам көшірілді 

Сурет: ТЖМ

Ақтөбе облысында құтқарушылар жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады. Тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туған.