Күдікті қамауға алынды
34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды. Аңғал азаматтар бейтаныс адамға қызметі үшін сый ретінде қомақты ақша аударған, алайда алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық азамат жүгінген.
«Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.