Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 33482 адамға жетті

Аягөз Құрмаш

Жараланғандар саны – 76049 адам

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 33482 адамға жетті
Фото: Euronews

Газа Денсаулық сақтау министрлігі Израиль шабуылы салдарынан қайтыс болған палестиналықтардың саны 33482-ге жеткенін хабарлады,деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Синьхуа хабарлағандай, соңғы 24 сағатта Израиль әскері 122 палестиналықты өлтіріп, тағы 56 адамды жаралаған. Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы санын 33482 адамға жетті, ал жараланғандар 76049 адам.

Мәлімдемеге сенсек, кейбір зардап шеккендер әлі үйінді астында жатыр. Өйткені Израиль әскері жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс бригадаларының жолын бөгеген.

Израиль әскері 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің оңтүстік аймақтарында жауынгерлерге атылған оққа жауап ретінде Газа секторындағы ХАМАС қозғалысына қарсы кең ауқымды шабуыл операциясын бастады. Оның салдарынан 1200-ге жуық адам қаза тауып, тағы 200-ден астамы кепілге алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.