Сот жүргізушіге қатысты шешім шығарды
Октябрьское ауылында су тасқынына байланысты орнатылған бақылау бекетінен екі Mitsubishi көлігінің жүргізушілері өтпек болған. Аталған аумақта көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушілердің бірі полицейлердің заңды талабын елемей, қызметтік көлікті соқпақ болды.
«Жүргізуші заңға бағынбағаны үшін сот 5 күн қамауға алу жазасын тағайындады. Айта кетейік, 5 сәуірден бастап осы ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды», - делінген хабарламада.