Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы хабарлады
Қостанай облысының орталық мешітінің ауласында өңірдегі су тасқынына байланысты арнайы ірі-қара малы құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Құрбан шалу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, арнайы дұға еткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында Жангелді ауданының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне орала бастаған.