"5070 өтініш". Сенатқа әйелдерді қорғауға қатысты заң жобасы бойынша хаттар түсіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Парламент Сенатының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланған 

Фото: freepik.com

2024 жылдың 9 сәуіріндегі жағдай бойынша 5070 адам Сенатқа Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасына қатысты өтініш түсірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сенаттың желідегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып. 

"9 сәуірдегі жағдайға байланысты Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның қабылдануын қолдау мақсатымен Сенатқа Қазақстан азаматтарынан, қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарынан 5070 ресми өтініш келіп түсті", - деп хабарланған Сенаттың ресми парақшасында.