Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азамат «K» екі жыл бойы төрт балаға жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам алимент төлемей келген. Бірақ Панфилов ауданының прокуратурасы қарсы тексеру арқылы борышкердің ресми емес түрде жұмысқа орналасқанын және тұрақты табысы бар екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген.
«Жалпы, прокурорлық шаралармен кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент бойынша берешек өндірілді. Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», - делінген хабарламада.