Су тасқынына байланысты грант алуға өтінімдер қабылдау мерзімі кейінге қалдырылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9000 грант беру жоспарланып отыр

Фото: istockphoto.com

Еліміздегі су тасқынына орай туындаған күрделі ахуалға байланысты үміткерлерден жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімдері кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы республика бойынша 9000 грант беру жоспарланып отыр.