Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: akorda.kz

Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.