Ақтөбеде ер адам көшеде жыныс мүшесін көрсетіп жүрген

Автор: Темірхан Айжан

Ер адамның фотосы әлеуметтік желіге жарияланды

Фото: instagram.com/aktobe_zello/

Ақтөбедегі автобус аялдамаларының бірінде ер адам жыныс мүшесін көрсетіп тұрған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

4 сәуір күні тұрғындардың бірі жыныс мүшесін шалбарынан шығарып тұрған жігітті суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялады.

«Сурет бүгін таңертең «Керуен Ситиге» қарама-қарсы аялдамада түсірілді. Тауып жазалауды сұраймын. Ол мүшесін ашып қойып, АҚМ колледжінің жанында жүрді», - делінген хабарламада.

Сурет әлеуметтік желідегі халықтың ашуын туғызды.

Тегтер: