«Қызына пышақ ала жүгірген»: Шымкент полициясы желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

«Қызына пышақ ала жүгірген»: Шымкент полициясы желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Бейнеден кадр

Шымкент қаласының Полиция департаменті жасөспірім қызды аяусыз ұрып жатқан әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді. Аталған бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті Отырар арнасының хабарлауынша, кәмелетке толмаған жәбірленуші қыз әйелдің бірінші некесінен туған. Қазір ол әкесінің қамқорлығында. Полиция анасының өз баласын аяусыз ұруының себебін хабарлаған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Полиция бейнежазбадағы тұлғалардың жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Іс Шымкент ПД басшысының тікелей бақылауында», - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.