Қазақстанда халық саны үш өңірдің есебінен айтарлықтай өскен
2020 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығындағы демографиялық ахуал

2020 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны - 18671,9 мың. Оның ішінде қалалықтар – 10932,3 мың (58,5%), ауылдықтар –7739,6 мың адамды (41,5%) құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Бұл өткен жылдың 1 наурызындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3% өсіп, халық саны 240,4 мың адамға жеткен. Халық саны айтарлықтай артқан өңірлердің қатарына еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы (65,6 мың адам) мен Нұр-Сұлтан (58,5 мың адам) қалалары кіреді. Ал, облыстар арасында халық санынының көрсеткіші Түркістан облысының есебінен айтарлықтай өскен (33,1 мың адам).
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда халық санағы жүреді. Халық санағының ақырғы қорытындысы 2021 жылдың соңында жарияланады.