БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас Ресейден келген

Автор: Azattyq Rýhy

БҚО-да сырқаттанғандар саны 20-ға жетті, олардың біреуі жазылып шықты

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі науқас та Ресейден келген азаматтар. Бұл туралы БҚО шұғыл штабы хабарлады.

Қауіпті вирус жұқтырған екі азамат та осы өңір тұрғындары. Олар бұдан бұрын инфекция анықталған науқаспен бірге Ресейден келген.

«COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған», - делінген хабарламада.

Соынмен қатар ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, БҚО-да сырқаттанғандар саны 20-ға жетті, олардың біреуі жазылып шықты.