Төтенше жағдайлар министрі елдегі су тасқынына қатысты үндеу жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр

Видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі бірқатар аймақта болып жатқан су тасқынына қатысты бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.

«Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр», - деді Шыңғыс Әрінов