20 жастағы студент пен 40 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған екі оқиға тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вирус анықталғандардың екеуі де 14 сәуірде Лондон-Петропавл рейсімен келген.
«Коронавирусқа алынған сынамадан соң 20 жастағы студент пен 40 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Байланыс жасаушылармен жұмыс жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 14 сәуірде Петропавлға Лондоннан 95 қазақстандық азамат келген еді.