Қанат Шарлапаевтың сөзінше, бізде көлік бағасы басқа елдермен салыстырғанда сәл жоғары немесе тең
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалым ақысы төмендемейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Утильалымның бағасына ешқандай өзгеріс енгізбейміз. Менің министр ретіндегі міндетім – өнеркәсіп орындарын дамыту мен оның қуаттылығын арттыру. Осы мақсатта елімізде екі үлкен автокөлік зауыты салынып жатыр. Утильалым бағасын төмендеткен жағдайда, автокөлік зауыттары салынбай, жұмыс орындары ашылмай қалуы мүмкін», - деді министр.
Оның сөзінше, бізде көлік бағасы басқа елдермен салыстырғанда сәл жоғары немесе тең.
«Менің ойымша бізге де протекционизм болуы керек», - деді ол.